KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өткен тәулікте шығысқазақстандық екі нәресте өмір есігін құтқарушылардың көліктерінде ашты

26.12.2012, 18:00 134


Өткен тәулікте шығысқазақстандық екі нәресте дүние есігін құтқарушылардың көліктерінде ашты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Хабарламадан белгілі болғандай, 2012 жылдың 26-желтоқсанында 02 сағат 49 минутта Семей қаласындағы құтқарушыларға жедел жәрдем станциясының диспетчерінен Талица ( Семейден 52 шақырым) ауылында 1992 жылы туған келіншекте толғақ басталғаны, жедел жәрдем көлігі ауа райының қолайсыздығынан жете алмайтыны туралы хабар түскен. Дәрігерлер бригадасын салып алып, таңғы 4-те оқиға орнына жеткен құтқарушылар келіншекті Семейге жеткізу үшін кері қайтады. Алайда Семейге 20 шақырым қалғанда құтқарушылар мен дәрігерге толғақты қабылдауға тура келген. Келіншек ұлды болды. Ана мен баланың жағдайлары қалыпты. Олар Семейдегі перинатарлы орталыққа жеткізілді.

Екінші оқиға Ұлан ауданының Майлыс учаскесінде орын алды. Толғақ қысқан әйелге санитарлық авиацияның дәрігерлері мен құтқарушылар дер кезінде жетіп үлгерді. Бұл нәресте де өмір есігін жолда, құтқарушылардың көлігінде ашқанды жөн көріпті. Анасы мен сәбиі Өскемендегі ауруханаға жеткізілген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив