«Семей Водоканал» қызметкері қаза тапты
![](/kz/uploads/posts/iblock/894/89473e78ba5d1f858dafac0315cd9457.jpg)
ШҚО-да жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Семей Водоканал» қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, 16 мамырда болған. Семей жедел-құтқару жасағына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Семей водоканалдың» үш қызметкері құдықтан шыға алмай қалғандары туралы хабар түседі. Құтқарушылар бес минут ішінде оқиға орнына жеткен. Жұмысшылардың бірі тысқа өз күшімен шығып үлгерген екен. Екінші жұмысшының сыртқа шығуына құтқарушылар көмектеседі. Ал үшінші адам есінен танып қалғандықтан, құтқарушыларға суға толып кеткен құдыққа түсуге тура келеді. 3-4 минут ішінде оны тысқа алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Алайда оны аман қалуға мүмкіндік болмады. 1990 жылғы ер адам оқиға орнында кқз жұмды. Өлімнің неден болғаны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.