KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
439.43 473.31 4.82

Өткен тәулікте облыстың құтқарушылары екі ауыр науқасты ауруханаға жеткізді

11.02.2013, 18:00 150


Өткен тәулікте облыстың құтқарушылары екі ауыр науқасты ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ТЖ департаментінің баспасөз мәліметіне сілтеме жасап.

Ұлан ауданындағы Түкөл ауылының 1948 жылы туған тұрғыны кеуде тұсының қатты ауырып тұрғанына шағымданған. Алайда омбы қардың кесірінен науқасқа жете алмаған дәрігерлер құтқарушылардан көмек сұрайды. Облыстың құтқарушылары Трекола техникасының көмегімен тұрғынды жедел жәрдем дәрігерлерінің қолына тапсырды.

Бұдан кейін құтқарушылар Қалбатаудан тағы бір науқасты «Нива-Марш» көлігімен дәрігерлерге жеткізді. 1957 жылы туған тұрғынның бүйректері ауырғандықтан өздігінен жүре алмаған.



Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив