KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі әскерилерінің қазаға ұшырауына байланысты ұлттық аза тұту жарияланды

25.12.2012, 18:00 195


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі әскерилерінің қазаға ұшырауына байланысты ұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Шымкент қаласының маңында әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі әскерилерінің қаза болуына орай Қазақстан Республикасында 27-желтоқсанда ұлттық аза тұту жарияланды» деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай кеше Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым жерде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ведомстволық ұшағы қонар алдында апатқа ұшырады. АН-72 әуе кемесінің бортында экипаждың 7 мүшесі, 20 әскери қызметші, соның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы, оның орынбасарлары болған.

Әуе кемесі апатқа ұшыраған жерде құтқару қызметі жұмыс жасауда. Осы факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Баспасөзде қазаға ұшырағандардың тізімдері басылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив