KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Алматы облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

28.01.2013, 18:00 177


Бүгін 13.13 сағатта Алматы облысы Іле ауданы Қызылту ауылының маңында «Скат» авиакомпаниясына қарасты Челленджер-200 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ұшақ Көкшетаудан Алматыға ұшып келе жатқан. Ұшақта экипаждың құрамын есептегенде барлығы 22 адам болған, олардың біреуі 2 жастағы сәби. Ұшақтағы адамдардың барлығы да қаза тапты.

Қазір апат орнында ТЖМ республикалық жедел-құтқару отрядтарының құтқарушылары, Алматы облысының барлық құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысында апатқа ұшыраған жолаушылардың туған-туысқандарына көңіл айтты. «Мен Алматы облысының Қызылту ауылының маңында «Скат» компаниясына қарасты жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағанын қайғыра қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан апатқа ұшырағандардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Мен тиісті мемлекеттік органдарға ұшақтың апатқа ұшырау себебін тексеруге, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына қажетті барлық көмекті көрсету туралы тапсырма бердім» деген Президенттің сөзін таратты оның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиғаны тексеру үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Оған Премьер-министрдің орынбасары ҚР Аймақтық дамыту министрі Бақытжан Сағынтаев басшылық жасайды.

«Скат» компаниясының апатқа ұшыраған ұшағы Алматы облысына бар болғаны 3-ақ шақырым жетпей құлады. Алдын ала болжамдар бойынша апаттың себебі қалың тұман болса керек. Алматы қаласының әуежайы апат болған ұшаққа қонуға рұхсат етпеген. Алайда ұшақ екінші айналым жасап, қонуға әрекет жасағанда жерге құлаған. Лайнер қақ бөлінген. Ұшақтағы жолаушылардың барлығы да қаза болды», деп хабарлайды СТС телеарнасының тілшілері оқиға орнынан.

«Скат» авиакомпаниясында арнайы штаб құрылды. Апатта қазаға ұшырағандардың туған-туыстары 87252455004 және 87017275490 телефондары арқылы барлық ақпараттарды ала алады.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив