KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 4 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Ана мен бала денсаулығын қорғау проблемаларына арналған республикалық мәжіліс Өскеменде өтті

25.12.2012, 18:00 131


Бүгін Өскемен қаласында облыс Әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен ана мен бала денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша республикалық мәжіліс өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оған Алматы және Астана қалалары денсаулық басқармалары бастықтарының орынбасарлары, медициналық ЖОО мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру факультеттерінің акушерлік-гинекология кафедраларының меңгерушілері, Шығыс Қазақстан облысының медицина саласының қызметкерлері қатысты.

Басқосуда еліміздің демографиялық дамуы, жүкті әйелдер мен балаға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту, ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін азайту, ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы медициналық кадрлардың дайындығы мен оларды қайта дайындау проблемалары сөз болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив