KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Саланы цифрландырудың кешенді бағдарламасы іске асады

23.02.2018, 07:09 182

Өңірдің медицина саласына бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіліп отыр. Шығыс Қазақстанда егжей-тегжейлі жол картасы бар денсаулық сақтау саласын цифрландырудың кешенді бағдарламасы әзірленген. Дәрігерлердің біліктілігін арттырудың үш жылдық жоспарына және медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен қамту жағына басымдық берілуде.


Былтыр облыста денсаулық сақтау саласын дамытудың үш жылдық стартегиялық жоспары әзірленіп, оның аясында медицина саласының қызметкерлерін, әсіресе онкология, кардиология, сондай-ақ ана мен бала денсаулығын қорғау мамандарын оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы жүзеге асырылуда.


Аталмыш мақсатқа 2017 жылы 1,2 миллиард теңге бөлінген. Қаржыландыру алдағы екі жылда да жалғасын табатын болады. Былтыр Семей қаласының медициналық университетімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде аудандық ауруханалардың 1 922 маманы арнайы курстардан өтті. Отандық және шетелдік (Израиль, Жапония, Грузия, Ресей, Молдова, Украина, Беларусь) мамандардың қатысумен 13 мастер-класс өтіп, оған 200 дәрігер қатысып, біліктіліктерін арттырып қайтқан. Тағы 51 маман Ұлыбританияға оқуға жіберілген.


– Үш жылда мультидисциплинарлық командалардың көмегімен 150 дәрігерімізді шетелдің айтулы клиникаларында оқытатын боламыз. Биыл да шетелдің айтулы клиникаларында дәрігерлеріміз оқиды, әлемдік деңгейдегі дәрігерлермен бірге күрделі оталарға қатысып, тәжірибелерін арттырады. Мұның бәрі ең бастысы, өңірдегі адамдар денсаулығын жақсартуға, өмір сапасын арттыруға бағытталған шаруалар, – деді облыс әкімі есепті жиында.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив