KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 4 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Ресейден келе жатқан автобус қар құрсауынан босатылды

25.12.2012, 18:00 99


Дмитриевка-Шемонайха тас жолында Ресейден Өскеменге келе жатқан, ішінде жиырма жолаушы, соның ішінде 3 айлық нәресте бар жолаушылар автобусы қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖ департаментінің мәліметіне сүйеніп.

Шемонайханың жол полициясы бөлімінің қызметкерлері қар тазалау техникасын аттандырып, дереу іздеу жұмыстарына кіріскен. Ішінде суыққа әбден тоңған жорлаушылары бар автобус Песчанка ауылы маңынан табылды.

Жолаушылар және автобус Бородулиха ауылына жеткізіліп, зардап шегушілерге барлық қажетті көмек көрсетілді, олар жылумен, тамақпен қамтамасыз етілген.

Қазір Шығыс Қазақстан облысында барлық бағыттарда транспорттың барлық түрі бойынша жолдар жабылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив