KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

20 күннің ішінде қар құрсауынан 900 адам құтқарылды

20.12.2012, 18:00 106


Биылғы қыстың 20 күнінде қар құрсауынан 900-ден астам адам құтқарылды. Көктайғақ, боран және төмен температураның салдарынан 104 рет республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы кеше Астанада өткен брифингте ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің мамандары айтты. Қараша, желтоқсан айдарында «Қазгидромет» кәсіпорны еліміздің орталық, Солтүстік және Шығыс өңірлерінің барлық облыстарында ауа райы жағдайының күрт нашарлауына байланысты 11 мәрте ескерту жариялады. Көктайғақ, боран және төмен температура салдарынан бірқатар облыстарда 104 рет автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.

Сондай-ақ осы жылғы қыстың 20 күнінде ҚР ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 943 адамды құтқарып, 146 автокөлікті эвакуациялапты.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив