KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Тәуелсіздік күніне арналған әдеби-сазды кеш

12.12.2012, 18:00 141


Бүгін облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін жандарға арналған арнайыкітапханада «Халқының даналығы сіңген жер» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Даладағы сақылдаған аязға қарамастан кітапхана залында келушілерден ине шаншар жер болмады.
Концерттік бағдарлама аясында көзі нашар көретін және зағип азаматтардан құрылған «Жазира» вокалдық тобы «Көк тудың желбірегені» әнін нақышына келтіре орындаса, кітапхананың тұрақты зағип оқырманы Зура Тоқтарқызы Қатпаева өз жүрегінен шыққан Қазақстан туралы өлеңің көрермендерге тарту етті. Ал Денис Ишуниннің орындауындағы «Алға, қазақ жігіттері» әні концертке жиналғандарға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив