Аягөзде зағип жандарға аудан әкімі құрмет көрсетті
Аягөз ауданында "Қазақ зағиптар қоғамының" бастауыш ұйымы 2011 жылы құрылған. Бүгінде бұл ұйымның 60-тан астам мүшесі бар.
13 қараша - зағиптар күні қарсаңында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет сарайында мерекелік шара өтті. Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Б. Сүлейменов құттықтау лебізін білідіріп, қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытқан зағип жандарға аудан әкімі Б. К. Байахметовтың алғыс хаттарын табыс етті.
Сондай-ақ, мереке қарсаңында жергілікті кәсіпкерлер «Арғын» сауда үйінің басшысы М. Күзетаев және «Құрманбай» сауда үйінің басшысы Е. Құрманғожанов 60 азаматқа азық-түлік себеттерін табыс етті
"Шынымды айтсам өте қуаныштымын. Бізді елеп-ескергендеріңізге рахмет. Қандай жағдай болмасын алға басу керек. Міне, жемісін көріп отырмыз. Сіздердің барлықтарыңызға рахмет айтамын",- деді Аягөз ауданы бойынша Қазақ зағиптар қоғамының төрайымы Құралай Елшібекова.