KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
459.75 494.14 5.54

Шәкәрімнің 160 жылдығына орай әдеби-сазды кеш өтті

20.04.2018, 12:30 536

Биыл ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толады. Осынау атаулы датаға байланысты ақынның шығармалары биылғы жылы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының «Жыл кітабы» болып таңдалған болатын. Осы орайда «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Шаһкерім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты әдеби-сазды кеш өтті.


Кездесуге қатысқан оқырмандар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты ақпараттармен танысып, ақынның философиялық ойлары туралы Семей қаласындағы «Шәкәрімтану» орталығының директоры Ақмарал Төлеуғазықызының бейнежазбасын тыңдады. Басқосуда ақынның әндері орындалып, өлеңдері оқылды.


- Осынау әдеби-сазды кештен өзіме көп пайдалы дүние алдым. Кітапхана мамандарына алғысым шексіз, - дейді осы шараға қатысушылардың бірі А. Асқарқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив