KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

«Қазцинк» шахтасында өрт шықты

3.12.2012, 18:00 114


Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында «Қазцинк» ЖШС-на тиесілі Мелеев кен орнының шахтасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«4.12.2012 ж. 00 сағ. 54 мин. нөлдік белгіде скипті вентиляциялы шахтаның жылытқышы жана бастаған. Өрт 01 сағат 40 минутта тоқтатылып, 02 сағат 20 минутта сөндірілді», - делінген хабарламада.

Өрт сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 9 адамы және 3 бірлік техникасы, ҚР ТЖМ ӘТҚЖ 23 адамы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

«Өрт ауданы 20 шаршы метрді құрады. Технологиялық үдеріс бұзылған жоқ, эвакуация жасалмады. Өрт кезінде шахтада 199 адам болған. Қаза тапқандар мен зардап шегушілер жоқ», - деп хабарлайды ведомствода.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив