12 ақпан күні таңертеңгі сағат 10.30-да Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Кривоносов көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Өрт сағат 12-ден 12 минут кеткенде сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамының 14 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Жалын шарпыған аумақ 4 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан 49 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйел қаза болды.
ҚазАқпарат