KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Семейде мемлекеттік тілді білмеген мұражай директоры қаланың «Құрметті азаматы» болды

24.11.2012, 18:00 119


Семейде қалалық мәслихат депутаты - Прииртыш бройлер фабрикасының бас директор, " Нұр Отан " партиясының мүшесі Бейсенғазы Тастекеев Невзоровтар әулеті атындағы бейнелеу өнері мұражайының директоры Татьяна Стромскаяға қаланың "Құрметті азаматы" атағын беруге қарсы екенін білдірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Өйткені, мұражай директоры мемлекеттік тілді меңгермеген. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың соңғы сессиясында талқыланған көрінеді.

-Семей- еліміздің мәдениет орталықтарының бірі ,- дейді Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов - Невзоровтар әулеті атындағы бейнелеу өнері мұражайы шетелдік қонақтарды суретшілердің түпнұсқа туындыларымен таң қалдырады. Оған Татьяна Александрқызының қосқан үлесі зор.

Жиында депутаттар қала басшысының пікірін қолдап, Татьяна Стромская қаланың "Құрметті азаматы» атағына лайық деп тапты.

Татьяна Стромская Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, " Құрмет» орденінің иегері. Сондай-ақ, 2011 жылы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников арнайы келіп, Ресейдің «Достық» орденін табыс еткен болатын.

Мәлімет көзі: Время газеті
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив