KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Семейде Халықаралық әйелдер күніне орай "Бейнелеу өнеріндегі әйелдер образы" атты көрме ашылды

9.03.2018, 03:00 191

Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде халықаралық Әйелдер күніне арналған «Бейнелеу өнеріндегі әйел образы» жаңа көрме ашылды. Көрмеде  XX ғасыр 70-90-шы жылдар суретшілерінің 40 көркем кескіндеме және графикалық жұмыстар ұсынылды.


-Әлемдік өнерде әрдайым мәңгілік тақырыптар болады,-деді  Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінің директоры Татьяна Стромская,-оның бірі-әйелдер тақырыбы.  Әйел сұлулығының құпиясы  адамзат  тарихын және әр адамның жан-дүниесін  әрқашан тебірентеді. Бұл құпияның сырын  ашуға тырыспаған  суретші табылмас,  бірақ  әрқайсысы түсіну және сезіну мәнің  өзінше жеткізе білген.


Қазіргі заманғы әйелдер әлемінің түрлі күрделі  қырлары мен рухани сұлулығы көптеген қазақстандық суретшілердің де назарын  тартқан. Олардың ішінде,  В.И. Антощенко-Оленев, Е. Сидоркин, Е. Карасулова, К. Баранов, М. Беляев, М. Аманжолов, В. Крылов, С. Романов, О. Кужеленко, А. Бейсембинов, Н. Гаев, А. Ғалымбаева, В. Фролова, Н. Наседкин, Д. Алиев және тағы басқалары бар.


- Сахи Романовтың қылқалам туындылары қазақстандық бейнелеу мектебінің классикасына айналды,-деді Татьяна Стромская,-ал Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткері Валентина Антощенко-Оленеваның «Кәмшат  Дөненбаеваның портреті» атты жұмысы  бейненің сұлулығымен және тұтастығымен көз тартады. Кәмшат Дөненбаева – танымал тұлға,  қазақтың тракторшы қызы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, еңбекте көрсеткен жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Ері атағын иеленген.

Ана тағдыры, ана мен бала арасындағы қасиетті байланысты  іздеу бағытында Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткері  Константин Барановтың  «Тың жеріндегі таң» атты картинасы көпшіліктің көңілінен шықты. Оның «Балқаштың балықшы әйелдері» топтамасынан «Күту», «Балық ауларын жөндеу» және «Балқаштың балықшы әйелі» атты шығармалары образдық шешімнің көрнектілігімен және  теңізші-әйелдердің қатал өмірі туралы сыр шертумен ерекшеленеді екен.


- ҚазКСР еңбек сіңірген қайраткері Виктор Крыловтың «Экзамен тапсыру алдында» туындысы, Қазақстан Халық суретшісі  Николай Гаевтің «Өнертанушы» және  Николай Наседкиннің «Медбике» атты  картиналары   қазіргі заман әйелдерінің бейнелерін сомдап, түрлі маман иелерін тамаша бейнелеген,-деді Татьяна Стромская әңгімесін жалғап,-осы тақырыпқа өз үлестерін қосқан кәсіби тамаша суретші әйелдер де бар, атап айтсақ, Елена Бейсембинова, Ольга Кужеленко және ҚазКСР Халық суретшісі Айша Ғалымбаевалар.

  Олардың қылқалам жұмыстары «Алтын шөп», «Түймедақ гүлдер», «Натюрморт» суреттері әлі күнге дейін көрерменін тебінете түседі.


Арсен Бейсембиновтің «Қарашаш сұлу» атты жұмысында қыздың образы өзінің балалық  нәзіктілігімен  көңіл аудартады. Қаз КСР Халық суретшісі, Шоқан Уәлиханов атындағы  Қаз КСР  Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты  Евгений Матвеевич Сидоркиннің шығармашылығы  – Қазақстан бейнелеу өнеріндегі ерекше парақ болып табылады.  Оның басты тақырыбы –фольклор және қазақ халқының тарихы, әрине, қайталанбас әйел бейнелері.  «Ана портреті» картинасында көркем бейненің тұтастығы және мәнерлілігі таң қалдырады. Сондай-ақ, көрмеде қазақстандық суретшілердің көркем кескіндеме және графикалық туындыларымен қатар,  орыс шеберлері Игорь Васильев, Николай Силиса және Эмилия Герценштейндердің де мүсін жұмыстары назарға ұсынылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив