KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Зырянда өңірлік кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

21.11.2012, 18:00 335


Зырян мен Серебрянск моноқалаларында тұңғыш өңірлік кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Атаулы жаңалықты Зырян ауданының кәсіпкерлері көптен күткені анық.

Зырян және Серебрянск қалалары осы іс шараның пионері болды десек те болар. Аталмыш шараға Шығыс Қазақстан облысының «Өнеркәсіп және кәсіпкерлік» басқару бөлімі бастығының орынбасары Жарқын Мусағалиев, аймақтық АО «Өнеркәсіпті дамыту қоры» «Даму» бөлімінің директоры Бақыт Мусабаев қатысып, аудан экономикасы өмірінде болып жатқан маңызды өзгерістермен таныстырды.

Зырян қаласында «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау» орталығының салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімі Ермак Сәлімов орталық кәсіпкерлерге тиянақты, тыңғылықты түрде кеңестік көмек беретін болады деді. Сондай-ақ, ауданда алдағы уақытта өз істерін бастайтын кәсіпкерлер саны көбейіп, түрлі жұмыс көздері ашылады деген үміт ойын да білдірді.

Орталық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының бастамасы бойынша құрылды . Мұнда, кәсіпкерлікті қолдау орталығында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау, несиелер бойынша пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау, несиелер бойынша ішінара кепілдік беру, өндірістік инфроқұрылымды дамыту және сервистік қолдау, «Даму» қорының басқа да бағдарламалары және кәсіпкер ретінде әлі тіркелмеген болашақ кәсіпкерлерге ақысыз түрде мәліметтер берілетін болады.
Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау орталығы ұсынып отырған кешенді қызметтер өз бизнесін ашудан бастап, оны қалай басқаруға болатындығына дейінгі толық үдірісті қамтиды. Осы арада кәсіпкерлер үшін заңдық көмек көрсетіліп, жұмыскерлер жинау, бухалтерлік және салықтық мәселелер бойынша кеңестер берілетініне тоқталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив