KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Төртеуі де чемпион болып қайтты

31.08.2012, 18:00 209


Жуықта Жамбыл облысының Мерке ауданында ұлттық спорт түрлері бойынша өткен VІІІ жастар чемпионатынан жеңімпаз атанып қайтқан Ұлан ауданының төрт спортшысы аудан әкімі С.Төленбергеновтің қабылдауында болды.

Аталған чемпионатта 60 келі салмақ дәрежесінде аударыспақшы Ерасыл Қуандықов төрт рет жеңіске жетсе, 80 келілікте өнер көрсеткен Мақсат Әренов те ең үздік аударыспақ шебері атанып, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтыру-шысы Жұмабек Жәпішевтің үмітін ақтады.

Ал 50 келілік салмақ дәрежесінде спорт шебері, Павлодарда кадет оқушылары арасында өткен жарыстың чемпионы Жансерік Ысқақов пен 70 келі салмақ дәрежесіндегі спорт шебері Асығат Асқаров та бұл додада алдына жан салмады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив