KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Жастарымыз аударыспақтан алдарына жан салмады

13.06.2013, 18:00 196


Ақмола облысында ұлттық ат спорты ойындары бойынша республикалық чемпионат өтуде. Жақсы жаңалықтар да жоқ емес, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ұлан ауданы, Алғабас ауылының тұрғыны, спорт шебері Ермек Жәпішев 70 келіге дейінгі салмақ бойынша аударыспақтан жетінші рет республика чемпионы тұғырына көтерілді. Жұмабек Жәпішевтің шәкірті Мансұр Танекенов 90 келіге дейінгі салмақта бесінші рет республика чемпионы атанды.

Гагарин ауылдық округінің азаматы Елдоянов Тимурге 80 келі салмақта республика бойынша ешкім тең келе алмады. Аталған үш спортшы чемпионаттың алтын медальдарын қанжығаларына байлады. Жас спортшы, Алғабас ауылының түлегі Ерасыл Қуандықов 60 келіге дейінгі бәсекеде республикалық ат спорты чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, спортшыларды сайысқа Қазақстан Республикасының үздік бапкері, Ұлан ауданы, Алғабас ауылының тұрғыны Жұмабек Жәпішев бастап барған болатын.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив