KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Лондонның қақ ортасынан Шыңғыс хан ескерткіші ашылды

25.04.2012, 18:00 192


Жақында Лондонның Гайд-паркі маңында әйгілі қолбасшы Шыңғысханның биіктігі 5 метрлік, 12 «қорғаушысы» бар алып ескерткіші бой көтерді.

Ескерткіштің авторы - өзін Шыңғысханның ұрпағы санап жүрген, якут сәулетшісі Даша Намдаков.
Шыңғысханның ескерткішін ашу - сәулетші Даша Намдаковтың «Лондон - 2012 олимпиадасы қарсаңында осында ашылған «Көшпендінің керуені» атты көрмесі аясында мүмкін болды. Бұл көрмеге якут сәулетшісінің 50-ден астам туындылары қойылған. Ал Шыңғысханның ескерткіші осы көрменің беташар туындысы ретінде айқындалып отыр. Ескерткіш Италияның солтүстігіндегі шеберханалардың бірінде жоғары сапалы қоладан құйылған. Сәулетші Даша Намдаковтың пікірінше, егер ол осыдан екі жыл бұрын оны Букингем сарайында Корольдің әйелі - Эдинбург герцогымен кездеспегенде оның алдынан мұндай мүмкіндік ашылмас еді. Сол жолы Дашаның қолынан шыққан алуан түрлі ескерткіш мүсін жобалары өзінің қайталанбас ерекшелігімен ағылшындарды қайран қалдырыпты. Сөйтіп, жергілікті басшылық якут сәулетшісіне Шыңғысханның ескерткішін жасауды ұсыныпты.
О, баста үстіне сол дәуірдегі сауыт-саймандарды киген Шыңғысханның нөкерлері жаппай ат үстінде бейне бір аспаннан жерге түсіп келе жатқандай қалыпта бейнеленуі тиіс болған көрінеді. Алайда Лондон қаласының басшылығы мұндай мүсінге неліктен екені белгісіз рұқсат бермепті. Сөйтіп, сәулетші жергілікті басшылықтың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, Шыңғысханды өзге қырынан бейнелепті.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив