ШҚО-да Ұлы тұлғаның ескерткіші ашылады

ШҚО аудандарының бірінде Абай Құнанбайұлының тағы бір ескерткіші қойылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жуықта Көкпекті ауданы Самар ауылында Ұлы ойшылдың ескерткіші қойылмақ. Бұл іспен ауыл әкімі Ахмет Күдербаев пен шаруашылық жүргізуші мекеменің жетекшісі Марат Дүсіпов айналысып жатыр.
Олардың айтуынша, ескерткіш 12 тамызда ашылады. Бұл Абай Құнанбайұлының туған күні.
Аудан жастары салтанатты ашылу шарасының қарсаңында ақын туындыларына байланысты зияткерлік байқау ұйымдастырады екен.
Оқи отырыңыз