KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Жалғызбасты анаға жұмысқа тұруға жеңілдік бар ма?

24.04.2012, 18:00 197


– Менің үш жасар балам бар, өзім жалғызбастымын. Қолымда колледждің дипломы бар, бірақ әлі күнге дұрыс жұмыс таба алмай жүрмін. Маған жұмысқа тұруға қандай да бір жеңілдіктер бар ма?

Бақытгүл Айдарханқызы

Өскемен.

Бұл сұраққа жауап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтынан алынды:

– «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға, уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
Осы мақсатта жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу iсiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелері өтініш білдірген азаматтардың мамандығына сәйкес бос жұмыс орнын тауып беруге, жоқ болған жағдайда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық бойынша қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарына жолдама беру арқылы көмек беруге тиіс.
Бұған қоса 2011 жылдың 1-шілдесінен бастап елімізде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның мақсаты – халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу арқылы ха-лықтың табысын арттыру болып табылады. Бағдарламаны іске асыру бірінші кезекте өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді, сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша жеке ісін ашу немесе кеңейту мүмкіндігі беріледі, бұл мүмкіндіктер болмаған жағдайда азаматтардың әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекендерден әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркiмен көшуiне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейдi.
Осыған орай, сізге жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларына ие болу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына ба-руыңызды ұсынамыз.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив