KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Қазақстандықтар үйде отырып жұмыс таба алады

22.08.2018, 12:38 263

Үйден шықпай-ақ жұмыс тауып алу мүмкіндігі пайда болды. Жұмысқа тұру процессін жеңілдету мақсатында Қазақстанда Электронды еңбек биржасы іске қосылды.


Электронды еңбек биржасы Қазақстан бойынша 62 жұмыс беруші мен 243 жұмыс іздеушіні біріктіреді. Ресурс жұмыс істеп бастағалы бері 223 мың адам жұмысқа тұрыпты.


Электронды биржа тегін әрі тәулік бойы қолжетімді болып табылады. Оның мәліметтер базасы жұмыспен қамту орталықтары, жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен жұмысқа тұру бойынша онлайн-топтардағы ақпараттардың есебінен құрылады. Сондай-ақ, жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де ресурсқа ақпарат жариялап, оны үнемі тексере алады.


Биржаның әлеуметтік желілерде қолданушыларға арналған парақшалары бар.


Жұмыс  берушілерге енді жұмыспен қамту орталықтарына барудың қажеті жоқ. Порталға кіріп, электронды-сандық қолтаңба арқылы бос орын туралы ақпаратты кез келген уақытта жариялай береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив