KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

Жас өнерпаздар байқауы

13.04.2012, 18:00 207



Аягөз аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Кенен Алпысбаевтың ұйымдастыруымен «Жас толқын» жас өнерпаздардың байқауы болып өтті. Іріктеу кезеңіне ауданның Сарыарқа, Өркен, Тарлаулы, Ақшатау ауылдық округтері мен қалалық мектеп гимназияы, жалпы орта білім беру мектептерінен 30 астам оқушы қатысты.

Өз өнерлерімен іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанған 12 оқушымен аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Р. Қайырбаева, байырғы журналист, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Арғынгелдин, сондай-ақ жергілікті «Аягөз жаңалықтары» газеті редакторының орынбасары С. Қарабекова кездесіп, өнерпаз балаларға өз тілектерін білдірді.

- Сендер тәуілсіз еліміздің болашағысыңдар. «Өнер жолы- қиын жол» десе де еліміздің салт-дәстүрін насихаттайтын да, ұлттық құндылықтарымызды сақтайтын да сендер боласыңдар,- деді ағалық лебізін білдірген Аманжол Арғынгелдин.

Кездесу соңында ішкі саясат бөлімінің бастығы Р. Қайырбаева өнерпаз жастарға аудан әкімі Ә. Мұхтархановтың арнайы сыйлйқтарын табыс етті

Мәлімет көзі Altaynews.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив