KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 7 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Наурыз мерекесі бүгіннен бастап бүкіл Түркияда тойланатын болады

18.03.2012, 18:00 132


Үстіміздегі жылдың 19- 30 наурызы аралығында Түркияның Ыстамбұл, Анкара, Ескішехир, Караман, Адана, Хатай, Чанкыры, Элазығ және Кайсери сияқты қалаларында Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымына мүше мемлекеттерден 250- ге жуық өнер адамдары мен шығармашық топтардың қатысуымен ТҮРКІСОЙ Наурыз Думаны атты мерекелік бағдарламасы өтетін болады.

Айта кетерлігі, биыл аталған шараларға тұңғыш рет Қытай Халық Республикасының Шыңжан- Ұйғыр автономиялық аймағынан 40-тан аса әртістер қатысқалы отыр.

Түркия Мәдениет және туризм министрлігі, Премье- министрліктің Таныту Қоры және Түркі дүниесінің муниципалитеттер Бірлігінің қолдауымен 21 наурыз күні « Сурет, мүсін және этнография мұражайында» ТҮРКІСОЙ мерекелік шарасы өтеді.

Бүкіл Түркияда өткізілетін ТҮРКІСОЙ Наурыз Думан мерекелік бағдарламасын атап айтар болсақ:

19 наурыз - Ыстамбұл , Эюб Алаңы (Eyüp Meydanı )

21 наурыз-Анкара , Мемлекеттік Сурет және мүсін мұражайы (Devlet Resim ve Heykel Müzesi )

22 наурыз-Ескішехир, Османгази Университетінің Конгресс Орталығы (Osmangazi Üniversitesi Kongre Merkezi)

23 наурыз-Караман, Кемал Кайнаш Спорт Салоны (Kemal Kaynaş Kapalı Spor Salonu )

25 наурыз -Адана, Menderes Piknik Adası

26 наурыз -Хатай, Хатай Мәдениет Орталығы (Hatay Kültür Merkezi)

27 наурыз-Элазығ, Ататүрк Мәдениет Орталығы (Atatürk Kültür Merkezi)

28 наурыз -Чанкыры қаласы

29 наурыз- Девели-Кайсери Республика алаңы (Cumhuriyet Meydanı)

30 наурыз- Кайсери қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив