Петропавлда әскери қызметкердің мәйіті табылды
depositphotos.com
Кеше Петропавл қаласы үйлерінің бірінің жертөлесінде қорғаныс істері басқармасының келісімшарты бойынша әскери қызметкердің дарға асылған денесі табылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпаратына сүйеніп.
Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай қызметтен тыс уақытта болған.
ІІМ Әскери-тергеу департаментінде ІІМ Орталық өңірлік ӘАОО Петропавл тобы ҚК-ның 105-бабы ("суицидке дейін жеткізу") бойынша соталды тергеуді бастағаны хабарланды.
Бейресми ақпарат бойынша марқұм кіші сержант атағына ие болған.
Еске салайық, қыркүйекте әскери қызметкерлерге қатысты бірнеше қайғылы жағдай болды.