KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Катонқарағай ұлттық паркінде ерекше жаңа көбелектер табылды

Катонқарағай ұлттық паркінен

22.09.2024, 11:00 171 Назерке Каримова

Дала жұмыстары кезінде Катонқарағай ауданында Chelis pardalina көбелектері кездескен.

Барыс сияқты тарғыл көбелектерді ұлттық парк мамандары ҚР Зоология институтының энтомология зертханасының қызметкері Сергей Титовпен бірге жоспарлы дала жұмыстары барысында кездестірген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Chelis pardalina көбелектері туралы алғаш рет 1989 жылы Р. Пюнгелер жазған және шамамен Іле өзені маңынан табылған (болжам бойынша оңтүстік-шығыс Қазақстанда немесе Шыңжаңда). Chelis pardalina алғаш рет Зайсан шұңқырының аумағындағы Ашутас шатқалында тіркелді. Бұған дейін бұл көбелек тек оңтүстік-шығыс және Батыс Қазақстан мен Түрікменстан үшін көрсетілген.

Парк қызметкерлері бұл көбелектерді жинап қана қоймай, табиғат аясында суретке де түсіріп алған.

Фотосуреттер мен сканогафиялар бар ғылыми мақала Еcologica Montenegrina журналында жарияланды. Мақаланы Researchgate платформасынан оқуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу