Қазақстанда енді жоғары өнімді мақта өсіріледі
t.me/Agropresskz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы қолдауымен мақтаны селекциялау жұмыстары басталды.
Жобаның негізгі мақсаты - елдің әр түрлі топырақ-климаттық зоналарында тұрақты өндірісті қамтамасыз ете алатын бәсекеге қабілетті мақта сорттарын жасау, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР АШМ ақпаратына сүйеніп.
Талшық сапасы да таңқаларлық - шығымы 38-40%, талшық ұзындығы 33-34 мм. Кейінгі селекциялық жұмыстар үшін үлгілерді іріктеу жұмыстары басталды.
Бағдарлама қорытындысы бойынша Қазақстан ауыл шаруашылығы сынақтары мен сорттарының мемлекеттік комиссиясына жаңа сорт беріледі.
Вегетация кезеңінде өсімдіктерге тыңайтқыш енгізу, қатараралық өңдеу, зиянкестермен күрес және суаруды қоса алғанда, кешенді күтім жасалды.
Мақтаны жинау қыркүйектің басында басталды. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы қызметкерлері индоселекциялық үлгілер жоғары өнімділік көрсетіп жатқанын растайды.