ШҚО полицейлері ерекше балаларға ерекше шеберлік сағатын өткізді
polisia.kz
ШҚО ПД ұжымы «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығына барды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Орталық осыдан 8 жыл бұрын ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің өмірде өз жолын табуға көмектесу мақсатында есігін айқара ашқан болатын.
Осы орайда ШҚО ПД кадр басқармасының қызметкерлері мен облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Манапов атаулы мерекемен арнайы келіп құттықтады.
Шараны ашқан ПД бастығының орынбасары ерекше балаларды қолдауға қосқан үлестері үшін орталық ұжымына алғыс айтып, директорға алғысхат табыс етті.
Орталық директоры Динара Дюсембинова ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбековке орталықтың жұмысына белсене атсалысқаны үшін шынайы алғысын білдірді. Ол мұндай қолдау аутизм спектрі бар балалар үшін өте маңызды екенін және олардың өздерін сенімді сезінуіне көмектесетінін атап өтті.
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ұсақ моторикасын дамыту және қолмен жұмыс істеу өте маңызды екенін түсінген полиция қызметкерлері оларға сыйлық ретінде – қыш өнерінен шеберлік сабағын дайындады.
Одан кейін ШҚО полиция департаментінің инспектор-психологтары балалардың қауіпсіздік және эмоционалдық өзін-өзі қорғау дағдыларын дамытуға, өзіне деген сенімділігін нығайтуға көмектесетін сурет салу арт-терапиясын өткізді.
Сонымен қатар, бүгін “Ақжол” жасағының жас инспекторлары реттеушінің көмегімен жаңа достарына білімдерін бекітуге көмектесіп, негізгі жол жүру қағидаларын көрсетті.