ШҚО-да дүкеннен түбіртек талап етіп, жүлде ұтып алуға болады
pexels.com
Кез келген азамат сатып алған тауар немесе көрсетілген ақылы қызмет чегін көрсетіп, бағалы сыйлыққа ие бола алады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 4 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп, "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал" акциясын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Акцияны өткізудің мақсаты - азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.
Айта кетейік, "Amian" қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеуге болады.
Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.