KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Ресейден сертификаты жоқ 170 тоннадан астам картоп әкелмек болған

t.me/Agropresskz

Бүгін, 14:00 0 Назерке Каримова

Сертификатсыз тауарды шекарадан Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция ұстады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР АШМ ақпаратына сүйеніп.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан «Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 заңбұзушылық әрекетті анықтады.

- Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты, - делінген хабарламада. - Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив