KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

23 қыркүйекте қатты желден қаңбақша ұшу қаупі бар

pexels.com

Кеше, 23:00 7 Назерке Каримова

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыра.

ТЖД баспасөз қызметінің "Қазгидромет" ШҚО филиалынан алған ақпаратына сүйенсек, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Өскемен қаласында 23 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, күндіз оның екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Департамент мамандары жел екпіні қатты кезде қураған әрі саяқ тұрған ағаштардан аулақ болып, олардың жанында көлікпен тоқтамаған абзал деп кеңес беруде. Сондай-ақ, мамандар түрлі тербелмелі құрылымдар да жел кезінде қауіпті екенін еске салуда.

Атап айтсақ, өрт қауіптілігі жоғары кезде табиғат аясында және  үй жанындағы жерлерде от жағуға болмайды. Бастысы, төтенше жағдай кезінде азаиаттардың "112" телефон нөмірі бойынша хабарласуы маңызды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив