KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Мүшәйра Мұхаңның мұрасын жырлады

16.03.2012, 18:00 143


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Бәйшешек күлтесіндегі балауса жыр» атты жас ақындардың облыстық жыр мүшәйрасы өтті.

Жыр додасына облыстың Абай, Тарбағатай, Жарма, Үржар аудандары, Семей қаласы мен Түрксіб ауылының мектеп оқушылар, сондай-ақ «Жас Ұлан» ерлер лицейінің өнерпаздары қатысты.

32 ақын бақ сынаған сөз сайысының қорытындысы бойынша Абай ауданы Қарауыл гимназиясының оқушысы, М. Ибраев атындағы ақындар мектебінің шәкірті Серік Мұратов бас жүлдені иеленді. Мүшәйраның бірінші және екінші орындарына №47 орта мектептің оқушылары Қуандық Кенжебекұлы және Назерке Қабаева сәйкесінше ие болса, «Жас Ұлан» лицейінің шәкірті Айзат Төлегенұлы үшінші орынды қанағат тұтты.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив