KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Абай-175. Ұлан ауданында мектепаралық байқау өтті

15.02.2020, 04:20 212

"Абай мұрасы - адамзат қазынасы". Ұлан ауданы Айыртау ауылында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай мектеп оқушыларының арасында көркемсөз оқу мен жыр мүшәйрасы өтті.

- Аудандық бұл байқауды Балалар шығармашылық үйінің "Жас қаламгер" үйірмесі ұйымдастырды. Көркемсөз бағыты бойынша қатысушылар Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романынан үзінді оқыса, екінші бөлімде жас ақындар данышпанға өлең арнап, еркін тақырыптағы жырларын ортаға салды. Аудан көлемі бойынша он мектептен жиырмадан аса оқушы қатысқан жарыс тартысты өтті, - деді аталмыш үйірменің жетекшісі Құмар Зиятханұлы.

Кеш қортындысы бойынша көркемсөз бағытынан 1-орынды Бозанбайдан келген Ажар Нұрқуаныш еншілесе, екі 2-орынға І. Айтықов мектебінен келген Гүлнұр Беймұрат пен Қ. Қайсенов атындағы негізгі мектептің шәкірті Айкүміс Хуанышбай лайық деп танылып, үш 3-орынды "Балалар шығармашылық үйінен" Қуантқан Бекболат, "М. Әуезов атындағы орта мектептен" Гүлнафис Байболсынова, "Абай атындағы орта мектептен" Әди Кеңесханов өзара бөліске салды. 

Ал өз шығармашылығында өрелі өнер көрсете білген Әйгерім Демократ 1-орынды иеленді. Екі 2-орынды "Бозанбай орта мектебінің" оқушысы Айхат Әділов пен "І. Айтықов орта мектебінің" жас ақыны Ерболат Нұрбақыт қанжығалады, үш 3-орынды бозанбайлық Риза Сабиолла, Т. Тоқтаров орта мектебінен Айдана Қабдрахман, Қ. Қайсенов орта мектебінен Абай Қанатұлы қатарлы жас ақындар қанағат тұтты.

- Жалынды жас жеткіншектерге облыстағы БАҚ саласында тынбай тер төгіп жүрген журналистер мен азулы ақындар және білікті актерлер қазылық етті. Сондай-ақ орын иеленген оқушыларға елге кеңінен танымал ақын-жазушылардың түрлі туындылары табысталды, - деді кеш ұйымдастырушысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив