KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,4 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Америка Құрама Штаттарын торнадо тағы да қыспаққа алды

3.03.2012, 18:00 89


АҚШ бұдан бірнеше күн бұрын 13 адамның өмірін қиған қуатты торнадодан есін жия алмастан елге табиғи апаттың жаңа толқыны бас салды.

Тағы да Орталық Батыс және Оңтүстік - Алабама, Теннесси, Кентукки, Индиана, Миссури және Миссисипи штаттары зардап шекті.

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметтері бойынша ел аумағында алты торнадо күшіне мініп тұр, тағы 15-тен астам торнадо болады деп жарияланды. Кейбір жерлерде дауылдың орнына нөсер мен бұршақ жауған. Айталық, Алабамада жауған бұршақтың үлкендігі гольф добының көлеміндей болған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендердің дәл мәліметтері әліі түскен жоқ, бірақ та бір ғана Индиана штатында кемінде бес адам қаза болды, аймақта жараланғандардың саны тіпті жүздеген адамды құрайды. Жүздеген үйлер қирап, электр желілері үзілген. Апат салдарынан келтірілген зиян миллиондаған долларға жеткен.

Мэрисвилд қаласы (Индиана штаты) түгелдей жермен-жексен болған. Алабамада қауіпті қылмыскерлер түрмесіне елеулі нұқсан келген. Көптеген қалаларда мектептер мен университеттер жабылған.

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі синоптиктерінің айтуынша, торнадо жылдың осы мезгілінде елдің орталық және оңтүстік аудандарындағы қалыпты құбылыс болып саналады. Өткен жылы осындай табиғат апатының салдарынан 550-ден астам адам көз жұмған болатын.

2011 жылы рекордтық дерлік - 1709 торнадо дауылы болса, метеорологтардың ескертуінше, биыл одан да көп болуы мүмкін. Ғалымдар табиғаттың тосын мінезі ғаламшардағы климаттың жаһандық жылынуымен және Мексика шығанағының бетінде су температурасының көтерілуімен байланысты деп санайды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив