KZ
Өскемен
+14°
туман жел 2 м/с, ОШ
450.79 482.21 5.05

Мексикада коронавирусқа ұқсас бұршақ жауды

22.05.2020, 04:42 232

Мексиканың Нуэво-Леон штатында коронавирусқа ұқсас ерекше бұршақ жауды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

БАҚ-тың деректеріне сүйенсек, ерекше табиғи құбылыстың суретін Instagram және Twitter қолданушылары жариялап жатыр. Бұршақтың пішіні коронавирусты микроскоппен қарағанда көрінетін пішінге өте ұқсас. Тұрғындар оған тіпті «Градовид-19» деген ат берген көрінеді.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның метеорологы Жозе Мигель Винастың айтуынша, мұнда шын мәнінде ешқандай ғажайып жоқ. Қатты дауыл кезінде әртүрлі көлемдегі бұршақтар бір-бірімен соқтығысқанда осындай ерекше пішіндер шығады екен.

Сондай-ақ айта кету керек, осыған ұқсас құбылыс 19 мамырда Қытайдың Циндао қаласында болған, ал одан бұрын, сәуірде Американың Мичиган штатында коронавирусқа ұқсас бұршақ жауған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив