KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Мерекенің жақсы өтуіне тәртіп сақшылары себепші болды

15.02.2012, 18:00 85


Әулие Валентин күні жылқы етінен ас әзірлеп, ғашығына дастархан жаймақшы болған әйелдің жолы болмады, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі. Зырян қаласындағы азық-түлік дүкенінде меркелік кешкі асқа әр түрлі тәтті-дәмділерді таңдаған әйел сатушы үстелінен белгісіз біреудің сөмкесін ұрлап кеткендігін байқамай да қалады. Сөмке ішінде: 3 кг тартылған ет, 3,5 кг жылқы еті бар еді.

Сөмкесінің жоғалғанын байқаған әйел сасқалақтамай бірден күзетшіге шағымданады.
Ал ұры болса ұрланған сөмкені пакетіне тығып адамдар арасында қарасын батырып, қашып құтылуға асығады. Алайда полиция қызметкерлері ұрының жолын кесті. Көп ұзамай заттай айғақтарымен ұры ұсталды. Кейіннен анықталғандай ол дүкеннен ұзап кетпеген екен. Дүкен сөресіндегі тауарға қызыққан жәбірленуші сияқты тұлғаларды аңдып тағы да тауарға кенелмекші болған.
Есі кеткен әйел полицейлерге алғысын жаудырып, мерекелік кешкі асқа шақырумен болды. Қызметтеріне аса жауапкершілікпен және қырағылықпен қараған тәртіп сақшылары екі ғашықтың мерекесініе ортақтасуды жөн көрмей, ғашықтар күніндегі сәтсіздіктен аман қалған әйелдің мерекені екінші жартысымен жақсылап өткізуіне тілектерін білдірді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив