KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Бокс 2020 жылғы Олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

4.10.2018, 10:38 215


Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығындағы шу басылар емес. AIBA атқарушы комитетінің өкілі Терри Смит ұйымның атқарушы вице-президенті Франко Фальчинеллидің көптеген тәртіптік ережені бұзғанын айтып, италиялықтың қызметтен кетуін талап етуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы болгариялық novsport.com порталы жазады. Ал Фальчинеллидің мәлімдеуінше, Смит алдағы AIBA президентін сайлау науқаны кезінде өз командасының жеңіске жетуі үшін бәсекелестердің жолын осындай қитұрқылықтарға бару арқылы кеспек болып жүр екен.


Дереккөз мәліметіне сүйенсек, Франко Фальчинелли Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы президенттігінің алдағы сайлауында қазақстандық Серік Қонақбаевтың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеп отыр. Ал сайлауға түсетін екінші кандидатура бүгінде қауымдастықты уақытша басқарып отырған өзбекстандық Ғафур Рахимов болмақ. Дегенмен Inside the Games сайтының хабарлауынша, егер Ғ.Рахимов бұл сайлауға үміткер ретінде қатысатын болса, онда бокстың Олимпиада бағдарламасында қалуы мәселесі қиындай түспек. Себебі, Халықаралық Олимпиада комитеті әдеп комиссиясының төрағасы Пакеретт Жирар Заппелли өзбек азаматын қылмыстық топтармен байланысы бар деп айыптап, оған сайлауға қатысуға тыйым салып отыр. Комиссия төрағасы тіптен әуесқой бокс 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін екенін айтуда.


Естеріңізге салайық, AIBA ішінде осыдан біраз бұрын шыққан жанжал қазір шарықтау шегіне таяп қалды. Бұл ретте, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы атқару комитетінің мүшелері мен президентін сайлау шарасы 2-3 қарашада Мәскеудегі кезекті конгресте өтетінін айтқан жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив