KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Қонақбаев сайлауға қатысатын болды

31.10.2018, 09:53 145


Cерік Қонақбаев Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) президентінің сайлауына қатыса алатын болды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Қазанның 30 күні арбитражды сот Серік Қонақбаевтың аппеляциясын қарап, AIBA сайлау комитеті оның кандидатурасын заңсыз алып тастағанын анықтаған болатын.

Естеріңізге салайық, қазанның 3-і күні AIBA президенттігіне өзбекстандық кәсіпкер Гафур Рахимов қана үміткер ретінде тіркелген-ді. Ал оған дейін кандидатурасын ұсынған 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаев бұл тізімге ілінбей қалған. Халықаралық бокс ұйымының бұл шешімімен келіспеген отандасымыз артынша сотқа жүгініп, өз кінәсіздігін дәлелдеген. Арбитражды сот шешім шығарып, Азия конфедерациясының президенті Серік Қонақбаевтың ұйымның президенттігіне үміткер бола алатыны жайында баспасөз мәлімдемесін жариялады.

Енді AIBA сайлау комитеті отандасымызды қарашаның 2-і мен 3-і аралығында Мәскеуде өтетін AIBA конгресінде алдағы сайлауға қатысатын үміткерлер қатарына қосуы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив