KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Ресми: Ольга Рыпакова - Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері

3.10.2018, 01:00 176


Даңқты қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова ресми түрде 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері деп танылды. Қуанышты хабарды кеше кешке Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі жеткізді.


Естеріңізге салайық, осыдан 10 жыл бұрын Қытай астанасында өткен Олимпиада ойындарында Рыпакова қыздар арасындағы үш қарғып секіру сайысында төртінші орынға табан тіреген болатын. Кейін сол додада үздік үштікті түйіндеген грекиялық Хрисопия Девеци допингпен ұсталып, қола жүлде қазақстандық спортшыға бұйырған-ды.


Ал жақында дәл сондай рұқсат етілмеген препараттарды қолданды деп ресейлік Татьяна Лебедева да күдікке ілінді. Аталған спортшы Бейжіңдегі ойындарда екінші орын алған болатын. Күні кеше Лебедеваға қатысты да үкім шығарылып, ресейлік спортшы ресми түрде жүлдегерлер қатарынан шығарылды.


Осылайша, екінші орынға жерлесіміз Ольга Рыпакова көтерілді. IIAF сайты өз парақшасында қазақстандық спортшыны күміс жүлде иегері деп жариялап та үлгеріпті.


"Лебедева мен Девеци шеттетілді. Аталмыш қашықтықтағы чемпион - камерундық Франсуаза Этон" делінген ұйымның ресми мәлімдемесінде.

Осылайша, Ольга Рыпакованың қоржыны тағы бір олимпиадалық медальмен толықты.


Шығысқазақстандық жеңілатлет 2008 жылғы Олимпиаданың күмісінен бөлек, 2012 жылғы ойындардың алтыны мен 2016 жылғы доданың қоласын иеленген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив