KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
480.61 534.53 5.28

Семейлік спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтынға қол жеткізді

8.09.2018, 03:09 212


Биыл Семейдің спортшылары жерлестерін толағай жеңістерімен қуантып жүр. Кеше тағы да бір додада асығымыз алшысынан түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында өтіп жатқан ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Абай ауданы, Қарауыл ауылының тумасы – Руслан Жарқынбаев самбо күресінен 82 кг салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарын шаң қаптырып, алтын медальді қанжығасына байлады. Шығыстың батыр ұлы Руслан ақтық сынға шығу үшін Иран, Қытай, Моңғол елінің ең мықты балуандарымен белдескен екен. Ал финалда Грузияның бетке ұстар саңлағымен кездесіп, 9:0 есебімен жеңіске жеткен.


-Жарысқа әрбір мемлекеттің ең мықты деген спортшылары қатысқандықтан бәсекелестік өте жоғары болды деп айта аламын. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бұл жеке менің ғана еңбегім емес. Сондықтан да, ең алдымен мені 2012 жылдан бастап самбо күресінен қандай да бір жетістікке қол жеткізуім үшін бар күштерін салып дайындаған бапкерлерім - Біржан Имаханов пен Мерей Көшкінов ағаларыма зор алғысымды білдіргім келеді, – деді Руслан Жарқынбаев


Айта кетейік, дәл осы жаһандық бәсекеде әлем халықтарының ұлттық спортының 37 түрінен барлығы 3 мыңға жуық спортшы бақ сынады. Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып отыратын «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» екі жылдан кейін Түркияда өтеді деп жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив