KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Глубокое ауданы: Өзендердегі су деңгейі қауіпті белгіден төмен

8.04.2024, 17:22 220 Айжанат Бақытқызы

Глубокое ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, су тасқыны қаупі бар учаскелерде тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды су басу қаупі тіркелмеген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Гидрологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізу және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру арқылы еріген суды өткізу жұмыстары жалғасуда. Жалпы гидрологиялық жағдай тұрақты. Өзендердегі су деңгейі қауіпті белгіден төмен», – деп хабарлады Глубокое аудандық ішкі саясаты.

Сонымен қатар су объектілерінде су деңгейінің көтерілуін анықтауға арналған бақылау белгілері қойылған.

Айта кетсек, Глубокое ауданында профилактикалық жұмыстар 2023 жылдың жазында басталған. Жазғы-күзгі кезеңде өзендердің, бұлақтар мен арықтардың арналары тазартылып, тереңдетілген, жағалаулар нығайтылып, су өткізу арналары мен көпірлер дайындалды.

Қыста да осы бағыттағы жұмыстар жалғасып, елді мекендердегі қар дер кезінде шығарылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу