KZ
Өскемен
+13°
небольшой дождь жел 4 м/с, З
442.05 474.14 4.74

Жастар кадрлық резервіне шығысқазақстандық екі тұрғын өткен (Видео)



12.01.2024, 09:19 428 0 Ләззат Қанатқызы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жарияланған болатын. Ұлттық комиссияның шешімімен 50 адам резервке алынды.

Оның құрамында ШҚО-ның екі бірдей тұрғыны бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Сыртқы саясат және инвестициялар» саласы бойынша үміткер атанған Ерасыл Бақытжанов облыс орталығының тумасы. Ол Сүлейман Демирель атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, 2017 жылы Лондондағы оқу орындарының бірінде «Құқық» мамандығының магистрі атанған.

Ал «Цифрландыру» саласын резервке түскен Талапжан Қауашев Катонқарағай ауданында дүниеге келген. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Геодезия және картография» мамандығында білім алып, магистратураны сол оқу орнында «Экономика» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Өз салаларында үздік атанған жас мамандармен бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев кездесті. Өңір басшысы олардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын алға тартып, бейінді бағыттар бойынша көптеген жобаларды іске асыру қажеттігін атап өтті.

Жастарда өздеріне жүктелген жауапкершілік жүгі ауыр екенін сезінеді.

- Мойыныма артылған жауапты міндетті абыроймен алып жүруге тырысамын. Өз салам бойынша алға қойған мақсаттарым жетерлік, түрлі бастамаларды жүзеге асырғым келеді. Бүгінгі кездесуден кейін зерттеп, әлі де білім алу керектігін түсіндім. Резервке түскеннен кейін түрлі қалалардан ұсыныс түседі. Бірақ нағыз білікті маман болуы үшін жергілікті атқарушы органда қызмет істеу керек деп ойлаймын. Осы орайда Президенттік жастар кадрлық резерві барлық жас буын үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өткем келеді. Ол сіздерді жан-жақты шыңдайды, - деді Ерасыл Бақытжанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив