KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, З
481.63 534.46 5.28

Өскеменде «Жұт» қойылымы сахналанды



1.03.2024, 17:57 222 0 Оразай Жеңісұлы

Қазақстан Халқы Ассамблеясының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының «Teatr-all» жастар тетары «Жұт» қойылымын сахналады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қойылым ашаршылық жылдарындағы қазақ халқы мен қазақ даласына жер аударылған өзге де ұлт өкілдерінің қилы тағдырын бейнелейді. Нәубет кезінде де кең пейіл, дархан мінезінен айнымаған ата-бабамыздың тұлғасы айшықталған. Жас өнерпаздар туындысының мазмұны бүгінгі айтулы мерекенің мән-маңызымен астасып жатыр. Сондықтан да қойылымды тамашалауға келген көрерменнің көпшілігі жастар мен жасөспірімдер болғаны көңілге қуаныш ұялатты.

– Бұл қойылымның тарихи маңызы өте ауқымды. Қазақ халқының және қазақ даласына жер аударылған өзге де ұлт өкілдерінің тағдыры суреттеледі. Тағдыр жүгін бүкіл ел жұмыла көтеріп, қиындықты жеңіп шығады. Сондықтан қойылымның тағылымы мол, – деді жастар театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі Назерке Айдынова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив