KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Семейлік қызғаншақ қыз саунада жігітінің басын жарып тастады

21.02.2019, 09:57 197

Семейдегі полиция бөлімшесіне ауруханаға жедел жәрдем көлігімен 33 жастағы азамат жаралы күйде келіп түскені туралы ақпарат жетеді. Оған қойылған диагноз – бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалу, төбенің жарақаттануы, сол жақ құлағының барабаны жарылған.


Оқиға орнына тәртіп сақшылары дереу жетеді. Емханаға түскен жігітке жарақат салған өзінің таныс қызы (24 жаста) екен. Ол қызғаныштан саунада жігіттің басынан әйнек бөтелкемен ұрыпты.


Қазіргі уақытта қыз қамауда отыр. Бөтелке сынықтары тексерілуде. Күдіктінің үстінен «бұзақылық» ісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив