KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Колледждерде студенттер мамандығына қажет пәндерді ғана оқитын болады

19.02.2019, 13:05 122

Енді еліміздің коллдждерінде студенттер өзінің болашақ мамандығына қажет пәндерді ғана оқитын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.


Бүгінгі таңда колледждерде жалпы білім беретін пәндердің барлығы оқытылады. Соның салдарынан жұмыс берушілердің кадр даярлауға қатысу белсенділігі төмен болып табылады. Ал бұл пәндер болашақ маманның кәсіби дағдысын қалыптастыруына ешқандай пайдасы жоқ екен.


Колледждер мен жұмыс берушілердің өзара әрекеттесуін күшейту мақсатында «Атамекен» ҰКП оқу жоспарының екі үлгісін ұсынып отыр.


Бірінші үлгі бойынша, жалпы білім беретін пәндер 1448 сағат көлемінде сақталады. Сондай-ақ, оқу уақытының жалпы көлемінің 40%-ы өндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибеге бөлінетін болады.


Ал екінші үлгіде халықаралық тәжірибе мен жұмыс берушілердің пікірі ескеріліп, өндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибе сағатының көлемін көбейту ұсынылады. Бұл үлгі жалпы білім беретін пәндерді базалық және кәсіби модульге біріктіріп, мамандыққа қажетті пәндерді оқыту арқылы жүзеге асырылмақ.


Тәжірибелік-бағдарланған оқу жоспарының үлгісін колледждер мен студенттердің таңдауы бойынша ерікті түрде енгізу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив