KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Өскеменде студенттерге арналған оқыту сот процестері өтті

25.04.2017, 18:00 163



Өскеменде алғаш рет заңгер мамандығына білім алып жатқан үздік студенттер арасында оқыту сот процестері байқауы өтті.

Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда жеке сот процестерін жүргізіп, мол тәжірибе жинаған студенттер мұндай шара жыл сайын ұйымдастырылып тұрса деген ниет білдірді.

– Қазір заңгерлерге қойылатын талап күшейді. Сондықтан бұл мамандық бойынша білім алып жатқан студентер іс-тәжірибе арқылы шыңдалуы жинауы керек, - дейді еліміздегі Судьялар одағының мүшесі Ғалия Алипанова.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Фемида» командасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды «Әділет» командасы, үшінші орынды қаладағы Шығыс Қазақстан заң колледжінің студенттері иеленді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив