KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 3 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

Колледжде көп оқып керегі жоқ. Министр тағы бір мәселені көтерді

11.03.2021, 14:09 169

Колледждерде оқу мерзімі қысқарады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Колледждерде оқу мерзімдерін белгілеу туралы норма заңды түрде алынып тасталды. Енді 9 сыныпты аяқтап келген талапкерлерді 3,6 жыл емес 2 жыл, ал 11 сынып түлектерін 2,6 жылдың орнына 1,5 жыл ғана оқыту жоспарлануда. Колледждер оқу мерзімін өздері реттеп, өз өнімдерін сату мүмкіндігіне ие болады, – деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Аймағамбетов биыл 180 колледжді жаңарту жұмысы аяқталатынын атап өтті. Соның нәтижесінде енді әрбір өңірде дамыған материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар кемінде жеті заманауи колледж жұмыс істейді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу