Биыл ШҚО-да 5 бағыттағы 200 шақырымнан астам жол жөнделеді
ШҚО-да 200 шақырымнан астам жол жөнделеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов облыста 2018 жылы 236 шақырым жол жөнделгендігін айтты.
– Енді 246 шақырым жолды жөндейміз. Республикалық және облыстық бюджеттен 2,6 миллиард теңге қарастырылған, – деді Нұржан Жұмаділов.
Жиында мәлім болғандай, Бородулиха – Жезкент, Семей – Қарауыл, Семей – Курчатов, Өскемен – Самар, Үлкен Нарын – Күршім бағытындағы тас жолдар жөнделмек.
Оқи отырыңыз