KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

"ҚазАвтоЖол" жол жөндеу жұмыстарын дұрыс атқармайтын мердігерлердің тізімін жариялады

t.me/qazavtojol

9.11.2024, 12:00 102 Назерке Каримова

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жасалған келісімшарттар бойынша негізгі міндеттемелерді орындамайтын мердігерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл мекемелер республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеуден өткізу барысында, сондай-ақ жолдарды қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу кезінде жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған.

Сонымен қатар, кейбір мердігерлер біліктілік талаптары және (немесе) тендерлік баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат ұсынған.

Жосықсыз мердігерлердің тізіміне келесі мекемелер енгізілді:

  1. "Каз Строй" КС" ЖШС;
  2. "Бекет Сат Жол" ЖШС;
  3. "Искер-Т" ЖШС;
  4. "Инженерный центр "АСТАНА" ЖШС;
  5. "Алматыдорпроект" ЖШС;
  6. "QazConstructions" ЖШС;
  7. Фирма "Автодорсервис" ЖШС;
  8. "Базис-Z" ЖШС.

Бұл хабарлама тендер өткізу жұмыстарының ашықтығы мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Ұлттық компания мердігер мекемелердің келісімшарт бойынша талаптардың сақталуын күшейтіп, жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуын талап етуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу